Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сичан ғарыш айлағынан бірден 9 жер серігі сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қытай ұлттық ғарыш басқармасының хабарлауынша, құрылғылар смарт желі технологиясы саласындағы қызметтерді көрсетуде, сондай-ақ, теңізді қорғау жөніндегі жобаларды іске асыру үшін қолданылады.
Соңғы жылдары Қытай өзінің ұлттық ғарыш бағдарламасын белсенді түрде дамытып келеді. Ел ғалымдары метеорологиялық, телекоммуникациялық және навигациялық спутниктерді, сондай-ақ айды зерттеуге арналған технологияларды әзірлеуде. Сонымен қатар астероидтар мен Марсты зерттеу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Орбитада Қытай ғарыш станциясының құрылысы жүргізілуде, ол жоспарға сәйкес биыл жұмысын бастайды.
Салтанат Кенжебай