Иранда күші 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Табиғи апат ошағы Хузестан провинциясынан 40 шақырым жерден өтіп, кіндігі 10 шақырым тереңдікте болды. Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ.