• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 05 Маусым, 2022

Еліміздің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатер аз емес – Президент

3624 рет
көрсетілді

Еліміздің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатер аз емес. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №59 референдум учаскесінде дауыс бергеннен кейін, тілшілер сауалына жауап берді. Тілшілер Қ.Тоқаевтан Президент ретінде бұлжытпай ұстанатын қағидаларын сұрады. Бұл тұрғыда Қасым-Жомарт Тоқаев халқымызға адал қызмет ету, Конституциямызды қатаң сақтау басты қағидат екенін атап өтті.

«Алдымызда тұрған мақсатымыз бен жұмысымыз өте ауқымды. Бәріміз ел болып жұмыс істеуіміз керек. Еліміздің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатер аз емес. Сондықтан еліміз бұл бағытта қырағылық танытуы керек», деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан біртұтас мемлекет ретінде сын-қатерге тойтарыс беруі қажет екенін қадап айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №59 дауыс беру учаскесіне келіп, республикалық референдумда өз таңдауын жасады.