• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Референдум-2022 05 Маусым, 2022

Төрегелді Шарманов: Жастардың жарқын болашағы үшін дауыс бердім

977 рет
көрсетілді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ертеңгі жарқын болашақ үшін, халықтың жақсы тұрмысы мен еліміздің биік межелерден көрінуі үшін дауыс бердім. Жарқын болашақ бүгінгі күннен басталады. Ең бастысы еліміздің болашағы – жастардың өмірі жарқын болса екен, сол үшін де референдумға қатысып, өз үнімді қосу менің жауапкершілігім», деді Т.Шарманов.

Айта кетейік, бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 11,7 млн сайлаушы қосылған. Барлық сайлау учаскесі таңғы 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.