• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Референдум-2022 06 Маусым, 2022

Жаңаратын уақыт келгені анық

686 рет
көрсетілді

Әлемнің көптеген мемлекетінің Кон­ституциясына өзгерістер енгізіліп тұратыны баршаға мәлім.

Ал біздің егемен ел атанғанымызға 30 жыл өтті. Жаңаратын, жаңғыратын уақыттың келгені сөзсіз. Қай-қайсымыз да еліміздің ертеңі кемел болса екен деп армандайтынымыз айтпаса да түсінікті. Сондықтан да еліміздің жарқын болашағы үшін ­дауыс бердім.

Қай қоғам болсын, жаңаша дамуды қалайтыны анық. Осы орайда Президент конституциялық реформаны қоғам тал­қысына салғанды жөн деп тапқаны қуантты. Қазақстандықтардың барлығы да өз ойын айту арқылы өзгерістерге үн қосты. Егемен еліміз мәңгі жасай берсін!

 

Серік СӘПИЕВ,

Лондон Олимпиадасының чемпионы