• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Маусым, 2022

Франциядағы қазақтар «Әлем» атты қауымдастық құрды

340 рет
көрсетілді

Париж қаласында өтіп жатқан «Еуропа қазақтарының кездесу-құрылтайы» негізінде «Әлем» атты қазақтардың жаңа қауымдастығы құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қауымдастықтың ашылу салтанатына ҚР Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі Жан Галиев пен «Отандастар Қоры» КеАҚ Президенті Абзал Сапарбекұлы қатысып, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.

Қауымдастықтың мақсаты – қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеп, атамекен Қазақстанмен байланыстарды нығайту.

Өткізіліп жатқан іс-шараға «Әлем» қауымдастығының төрайымы Имашева Зульфат Гильзакри мен «Әлем» қауымдастығының Вице – президенті Скакова Майра қатысты.

Қауымдастық басшысы З.Имашова шетелге кетіп есімдері ұмытылған қазақ жұлдыздарын халыққа таныту мен қайтадан жаңғырту қауымдастықтың басым бағыттарының бірі болатынын айтты.

Салтанат Кенжебай