• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Маусым, 2022

QazaqGaz компаниясынан қаржылық заң бұзу деректері анықталды

349 рет
көрсетілді

Бұл туралы аталған компанияның басқарма төрағасы Санжар Жаркешов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Үкіметінің шешімімен «ҚазТрансГаз» «Самұрық-Қазына» АҚ құрамына кіріп, «ұлттық компания» мәртебесіне ие болып, портфельдік компаниясына айналды, сондай-ақ «QazaqGaz» деп аталды.

Компания «Жаңарған QazaqGaz» көзқарасын қалыптастырып, жұмыстың барлық салаларында толық көлемде жаңартуды бастады. Мемлекет басшысының толық аудит ұйымдастыру және компания қызметінде транспаренттілікті қамтамасыз ету туралы тапсырмаларына сәйкес, нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір 937 млрд теңгеден астам сомаға делдалдық схемалар мен қаржылық заң бұзу деректері табылды. Оның ішінен 123 млрд теңгесіне қатысты қаржылық заң бұзу жағдайлары дәлелденді. Барлығын ашық айтуға дайынбыз. Проблема көп, шешуге тырысып жатырмыз», деді С. Жаркешов Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, компанияның барлық стратегиялық жобалары бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленді.

«Газбен жабдықтау нарығының барлық қатысушыларының күшін біріктіруге, сенімді серіктес қалыптастыруға бағытталған QazaqGaz даму стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», деді басқарма төрағасы.