• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Референдум-2022 07 Маусым, 2022

Демократияға ұмтылыстың нақты көрінісі

1035 рет
көрсетілді

Қазақстан билігінің жалпы­халықтық референдум өткізуі – демократиялық құндылықтар­ға жаңаша көзқарас танытуы. Осылайша Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекеттің лидері Жаңа Қазақстанды құруға ниет­теніп отыр. Қай-қайсымыз болсын, әрбір халықтың, әрбір мем­лекеттің өзіне тән бай тарихы бар екенін ешқашан қаперден шығармағанымыз абзал.

Шындыққа тура қарасақ, сіз бір күнде ешқандай ережелер мен нормаларды өзгерте алмайсыз. Ол үшін біршама уақыт қа­жет. Сондай-ақ азаматтарды нақ­ты шешім қабылдауға ба­рын­ша көбірек тартқан дұрыс. Сол тұрғыдан алып қарағанда Қазақстанда өткізілген референ­думды демократиялық құнды­лықтарды бағалаудың жаңа бір жолы деп түсінген абзал.

Жалпы алып қарағанда Қазақ­стандағы саяси науқан өз дең­гейінде өтті деуге болады. Десе де болашақта Қазақстанда мемлекет пен мемлекеттік аппаратты жақсарту жолында әлі біраз жұмыстар істеуге тура келеді. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома іспетті. Мемлекет ондай қадамға баруға дайын. Сол үшін де жалпыхалықтық референдум өткізіп отыр. Ал аталған саяси науқан – елдің шынайы демократияға ұмтылысының нақты көрінісі. Халық билік ұсынған өзгерістерді оң қабыл­дады. Ең бастысы да – сол.

 

Тиберио ГРАЦИАНИ,

Vision & Global Trends жаһандық талдау институтының басшысы