• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Референдум 07 Маусым, 2022

Мыңнан астам адам үйде дауыс берген

227 рет
көрсетілді

Республикалық референдумның Жамбыл облысы бойынша құрылған 492 учаскесінде дауыстарды санау аяқталып, қорытындысы жарияланды. Бұл туралы аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Комиссия төрағасы өз сөзінде референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтары­ның жалпы саны 688 мың 369 адамды құрағанын атап өтті.

«Дауыс беруге қатысқан азамат­тардың саны 477 мың 290 адамды немесе референдумға қатысу құқығы бар азаматтар санының 69,39 пайызын құрады. Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқандардың 78,63 пайызын немесе 375 мың 277 адамды құра­ды. Конс­­ти­туциялық түзетулерге қар­сы дауыс берген азаматтардың саны 17,85 па­йызды немесе дауыс беруге қатыс­қандар санының 85,173 адамын құрайды.

Жауаптардың екі нұсқасы да таңдап алынған, яғни жарамсыз деп танылғандары да бар. Дауыстарды санау кезінде ескерілмейтін бюллетеньдер саны 1,65 мың немесе 7 мың 854 бюллетеньді құрады», деді Серғали Айдапкелов. Сондай-ақ комиссия төрағасының айтуынша, дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін болмайтын және жарамсыз деп танылған белгіленбеген үлгідегі бюллетеньдер саны 1,89 пайызды немесе 8,986 бюллетеньді құраған.

Ал облыстағы барлық референдум учаскелерінде Республикалық қоғамдық ұйымдардан 2283 өкіл қатысқан. Учаскеде дауыс беруге қатысқан ерекше қажеттіліктері бар азаматтар саны 1067 адам болса, 1128 азамат үйде дауыс берген.

 

Жамбыл облысы