НАТО-ның Ramstein Dust II-2022 (RADU II-22) әскери жаттығулары 20-28 маусым аралығында Түркияда өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркия қорғаныс министрлігі жаттығулардың Кония базасында әуе операциялары әдістері тұрғысынан бірегей оқу мүмкіндігін беретін Анадолы қыраны 2022 халықаралық оқу курсымен бірге өткізілетінін атап өтті.
Бұған дейін НАТО-ның Балтық теңізінде әскери-теңіз жаттығуларын бастағаны жөнінде жазған едік.
Аталған оқу-жаттығу жиыны екі аптаға созылады. Оған 16 елден 7 мыңнан астам теңізші, әуе және теңіз жаяу әскері, соның ішінде Финляндия мен Швецияның екі үміткер әскери одақ мүшелері қатысады.