Қызылорда облысында техникалық заттар сататын сауда үйі толығымен отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға 6 маусымда сағат 23.51 шамасында болған.
«Сауда үйінің жалпы ауданы 758,8 шаршы метрді құрайды. Өрт кезінде аумағы 275 шаршы метр болатын шатыр, төбе жабыны және ішіндегі тұрмыстық заттары толығымен жанған. Өрт 00.53-те оқшауланып, 01.15-те толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебіне өрт-сынақ зертхана жұмыстары тағайындалды. Шығын көлемі анықталуда», дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Айгүл Нұрманова.
Салтанат Кенжебай