• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 07 Маусым, 2022

Елордада ХҚО қызметкерлері жүргізуші куәлігін сатып келген

211 рет
көрсетілді

Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іс жүзінде емтихан тапсырусыз жүргізуші куәліктерін бергені үшін заңсыз жүйелі негізде сыйақы алу және автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қою фактісі бойынша автокөлік иелеріне арналған Халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған №2 қызметкерлеріне және өзге де тұлғаларға қатысты  сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша бірқатар шұғыл тергеу амалы жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.