Биылғы 5 айда қаржы пирамидаларына қатысты тіркелген қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер 600 млн теңгеден астам қаржысынынан айырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ішкі істер органдарында Қылмыстық кодекстің 217-бабы (қаржы пирамидалары) бойынша тіркелген істердің жалпы шығыны 600 млн теңгеден асады», деп хабарлады ІІМ мамандары.
2022 жылдың 5 айында ішкі істер органдарында қаржы пирамидалары бойынша 27 қылмыстық іс тіркелді. Оның жетеуі Қаржы мониторингі агенттігіне жолданған. Компаниялардың үстінен жедел тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша 32 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның 14-і қамауда отыр.