Бразилияның батысында Перумен шекаралас жерде 6,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Перумен шекаралас Акко штатындағы Тарауака қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 108 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісі 616 шақырым тереңдікте болған. Зілзаладан зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.