• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Маусым, 2022

Қазақстандық велошабандоз Италиядан жүлделі оралды

381 рет
көрсетілді

Вадим Пронский екі жыл қатарынан итальяндық «Адриатика-Ионика» атты көпкүндік жарысында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық велошабандоз алғашында Монте-Граппа шыңында мәреге жетіп, екінші орын иеленген. Ал корольдік тау кезеңінде үшінші орынға ие болды. Нәтижесінде жалпы есепте үшінші орынға табан тіреп, елімізге жүлделі оралды. Сүйінші жаңалықты Astana Qazaqstan Team велоспорт командасының баспасөз қызметі жеткізді.

Жарыста соңғы үш кезеңде Пронский жылдамдықты арттырып, классификациядағы жағдайды өзгертуге тырысты. Қарсыластарын шаң қаптыруға барын салды. Жарыстың жеңімпазы Италиялық велошабандоз Филиппо Зана атанса, екінші орынды танымал спортшы Натнаэль Тесфатсион иеленді. 

«Шыны керек, «Адриатика-Ионикада» өнер көрсеткеніме ризамын. Мен Джиродан кейін кішкене әлсіреп қалдым, бірақ күннен-күнге жақсарып, корольдік этапта үшінші орынға ие болдым. Ерекше қиын болғаны -  үшінші кезең. Жылдам, әрі биіктікке тік көтерілуге тура келді. Таудан түсу барысында техникалық табысқа жетуге барымды салдым. Алайда, мәре сызығына небәрі 100 метр қалғанда қарсыластарым қуып жетті. Мен үшін үлкен жұмыс істеген командаға алғысымды білдіргім келеді», деді Вадим Пронский.

Astana Qazaqstan Team командасы жарыстың соңғы екі кезеңінде өздерін белсенді көрсетіп, жеңіс үшін күресуге тырысты. 7 маусымда Антонио Нибали мәреге алтыншы болып келді. Ал 8 маусымда Мануэле Боаро төртінші болып мәреге жеткен еді.

                                                                              Асемай Ерланқызы