• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Маусым, 2022

Қазақстан шекарасында қандай өткізу пункттері ашылады

339 рет
көрсетілді

Мемлекеттік шекара арқылы уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу пунктінің жұмысына тыйым салынатын Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасы дайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжат ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» қаулысының күшін жоюды көздейді. Бұл шешім елдегі COVID-19 жағдайына байланысты қабылданды.

Қайта ашылатын өткізу пунктері:

Ресеймен шекара арқылы өткізу пункттері:

Қондыбай және Ақбалшық (Қостанай облысы);

Қызылжар (СҚО);

Найза (Павлодар облысы);

Жезкент, Байтанат, Қоянбай (ШҚО);

Орда, Шаған (БҚО);

Қарашатау (Ақтөбе облысы).

Өзбекстанмен шекара арқылы өткізу пункттері:

Тың, Сырдария (Түркістан облысы).

Қаулы жобасы 22 маусымға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.