• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Маусым, 2022

Ұйымдасқан қылмыстық топ құрған ерлі-зайыптылар сотталды

282 рет
көрсетілді

Ерлі-зайыптының қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, олар 7 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы мониторингі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Көмековтер» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеді.   Анықталғандай, ерлі-зайыпты Көмековтер ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 белсенді мүшесін басқарған. Олардың әрқайсысы қылмыстық схемада белгілі бір қызмет атқарған. Олар жалған кәсіпорындар арқылы жұмысты іс жүзінде орындамай шот-фактура жазып беріп отырған.   «Қылмыстық топтың заңсыз әрекеттерінің салдарынан мемлекет бюджетіне 1 млрд теңгеден астам салық түскен жоқ», деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.   Сот ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін кінәлі деп тауып, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Ал ерлі-зайыпты Көмековтердің қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 7 және 10 жылға сотталды.   Сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтың кеңсесі және 17 млн теңгеден астам ақша тәркіленді. Бұдан бөлек сот мемлекеттік кірістер органдарының 10 млрд теңгеден астам сомаға келтірілген залалды өтеу туралы азаматтық талап-арызын да қанағаттандырды.   Аяна Тоғанбек