Мерзімінен ерте туған шақалақ қаладағы кәріз құдығының бірінен табылған, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін сағат 11:51-де кезекші 102 пультіне Ақтау қаласының 32-шағынауданында кәрізден шала туған шақалақ табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіле бастады», делінген ПД хабарламасында.
Аталған факт ҚР ҚК 001-бабы (адамның қайтыс болуы) бойынша СДТБТ-де тіркелді.