• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Маусым, 2022

Кипрде жер сілкінді

291 рет
көрсетілді

Жер сілкінісінің қуаты 4,6 баллға жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Апаттарға және төтенше жағдайларға қарсы күрес басқармасының (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 4,6 баллдық жер сілкінісі Жерорта теңізінде Кипр аралының шығысында сағат 4:40-та тіркелген.

32,99 км тереңдіктегі жер сілкінісінің эпицентрі Солтүстік Кипрде орналасқан.

Жер сілкінісі Түркияның Хатай, Адана, Мерсин және Анталия секілді қалаларында да сезілген.