• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2022

Жетісу облысының әкімдігі қайда орналасады

601 рет
көрсетілді

Жетісу облысының әкімдігі Талдықорғандағы Неке сарайы ғимаратында орналасады. Бұл ақпаратты Алматы облысы әкімдігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл уақытша. Салтанат сарайы ғимараты жұмыс күндері бос болған соң таңдалды, салтанатты іс-шаралар өткізілмейді», деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Ербота.

АХАЖ ғимаратының жалпы ауданы - 3531 шаршы метр. Мұнда Талдықорған және облыстың жақын аудандарының жас жұбайлары тіркелген.

Алдағы уақытта некені тіркеу жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ғимаратында жүргізілетіні белгілі болды. Салтанатты неке қию рәсімі Бикен Римова атындағы театрда өтеді.