• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Маусым, 2022

Отан қорғау – абырой

824 рет
көрсетілді

Әскери-теңіз күштерінің «Шығыс» және «Астана» өңірлік қолбас­шы­лық­тарының 1 300-ден астам әскери қызметшісі салтанатты түрде Отан алдында адал қызмет етуге ант берді.

Салтанатты іс-шара жас жауын­гер­лердің туған-туыстарының, қоғам өкілдерінің, Қарулы Күштер арда­гер­лерінің қатысуымен өтті. Жас жа­уынгерлерді осы атаулы күнмен құт­тық­тау кезінде әскери бөлім басшылары әскери қызметтің әрбір жауынгерге жүк­тел­ген құрметті міндет және зор жауап­кер­шілік екенін атап өтті.

– Әскердегі бір айдың ішінде көп нәрсені ойыма түйдім. Отанды қорғау – ол нағыз ер жігіттің міндеті екенін түсіндім. Мен осы уақыт ішінде дене даярлығымды шыңдап, өз ісіме жауап беріп, мықты бола білдім. «Ант» сөзін мен шын жүректен ұғынып айттым және әскери міндетімді бар жан-тәніммен орындаймын. Теңізге шығуды асыға күтемін, ол жердегі қызметім қызықты өтетініне сенімдімін, – деді Нұр-Сұлтан қаласынан Әскери-теңіз күштеріне шақырылған матрос Абылайхан Әділ.

Ант қабылдағаннан кейін әскери қызмет­шілер жас жауынгер курсында үйренген қаруды қолдану, саптық дайындық және жекпе-жек тәсілдерін көрсетті.

Салтанатты рәсімдерден кейін іс-шара­ның қонақтары мен сарбаздардың ата-аналарына жас жауынгерлердің оқу сыныптары, казармалары, асхана мен спортзалдары көрсе­тіліп, әскери бөлімдерге экскурсия ұйым­дастырылды.

Бөлім командирлері сарбаздардың ата-аналарымен әңгімелесіп, қызық­тыр­ған сұрақтарына жауап берді.