Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Осылайша, Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик бірден бес сатыға көтеріліп, 37-орынға жайғасты.
Ал Михаил Кукушкин өз позициясын бес сатыға жоғарылатып 161-ші орынды иеленсе, Дмитрий Попко керісінше, 11 позициядан айырылып, 195-ші орынға түсті. Тимофей Скатов 231-орында (минус 24 позиция).Үздік 10-дық та өзгерді. Серб Новак Джокович басымдығын жоғалтып, үшінші сатыға, ресейлік Даниил Медведев бірінші, неміс теннисшісі Александр Зверев үшінші сатыдан екінші сатыға көтерілді. Испаниялық Рафаэль Надаль төртінші орынды сақтап қалды.