Қазақстандық Арсений Требухин Грузия астанасы Тбилиси қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында өткен үшінші санаттағы жарыстың абсолютті жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы теннис мектебінің түлегі жекелей сында финалда осы турнирдің бірінші ракеткасы, ресейлік Артем Семеновті 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді.
Бұл оның Еуропадағы алғашқы титулы еді. А.Требухин сонымен қатар алматылық Родион Лукашовпен бірге жұптық сында соңғы бәсекеде ресейліктер Иван Макаров – Мирослав Морозовтан айласын асырды – 7:5, 6:2.
Аяна Тоғанбек