• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Маусым, 2022

Ауласында көкнәр мен қарасора өсірген шымкенттік ұсталды

625 рет
көрсетілді

Полиция қызметкерлері Абай ауданының тұрғыны өз бақшасында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіргенін анықтады. Тексеру барысында тәртіп сақшылары 118 түп көкнәр мен 7 түп сора тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дерек ҚР ҚК 300-б.2-Б. 3-т. бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», делінген Шымкент қаласының полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе қарасораның, көкнәрдің немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сорттарын ірі мөлшерде өсіру 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.