• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Тағайындау 13 Маусым, 2022

Қазақстанның Германия мен Ливандағы елшілері тағайындалды

205 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия мен Ливандағы елшілерді тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Расул Берекетұлы Жұмалы Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.