• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Маусым, 2022

Атырауда мас күйінде көлік жүргізген жігіт қамауға алынды

512 рет
көрсетілді

Атырауда мас күйінде көлік жүргізген жігіт 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

11 маусым күні сағат 04:20 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Атырау қаласы Тайманов даңғылы бойында күдік тудырған Volkswagen автокөлігін тоқтатып, тексерді. 22 жастағы жігіт  медициналық сараптамаға жеткізіліп, дәрігердің қорытындысына сәйкес, жеңіл дәрежеде мас күйде екендігі анықталды.

Автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталды. Іс-құжат мамандандырылған сот шешімімен 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Аяна Тоғанбек