АСТАНА. 23 сәуір. Бүгін Астанада басталған Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шебері Аслан Кахидзе күміс медальге қол жеткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Чемпионатта 84 килоға дейінгі салмақта бағын сынаған Аслан финалды ирандық Майсам Жокармен белдесті. Күрестің екінші минутында парсы палуаны алға шықты – 3:0. Содан ары ол біздің атлетке бірде-бір ұпай берген жоқ. Қорытынды есеп – 11:0.
Еске сала кетейік, осының алдында қазақстандық бір палуан – Руслан Қалив 57 килоға дейінгі салмақта чемпион атанған еді.
Жалпы, Астанада 5 күн ішінде еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресі бойынша 24 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Дамир Қожамқұл.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: sports.kz.