Turkish Airlines әуе компаниясы енді Türkiye Hava Yollari деп аталады. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 14 маусымда журналистерге айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Осы сәттен бастап біз ұшақтарымыздың фюзеляждарында Turkish Airlines орнына Türkiye Hava Yolları деп жазамыз», деді Түркия президенті.
Ердоған бұл шешім мемлекеттік деңгейде ел атауының Turkey-ден Türkiye-ге ресми өзгеруіне байланысты қабылданғанын айтты. Мамырдың соңында Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу бұл туралы БҰҰ Бас хатшысына хабарлады. Ал, 1 маусымда бұл жаңалық күшіне енді.
Тиісінше, елдің атауы бар флагмандық тасымалдаушының атауы да өзгереді.