• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 15 Маусым, 2022

Маховка өзеніндегі балықтардың қырылу себебі айтылды

632 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысындағы Маховка өзеніндегі балықтардың неден қырылғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аталған су алабы бойынша тиісті зерттеу жұмыстары жүргізілді. Судың ластануы туралы дерек анықталған жоқ. Балықтардың қырылуы өзеннің тартылуы салдарынан болған. Сондай-ақ қыс мезгілі аяқталғаннан кейін ұсақ балықтарға оттегі жетіспей жатады. Осы себептерге байланысты аса ірі көлемдегі шығынға жатпайтын балық қырылды. Жергілікті тұрғындарды алаңдатқан тағы бір мәселе - өзеннің жасыл түске боялуы. Бұл - табиғи құбылыс. Сәуір және мамыр айларында су асты өсімдіктері түлеп, арнайы бояу бөледі», деп түсіндірді Ерболат Кожиков.