• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 15 Маусым, 2022

Елордада жалдамалы пәтерге құжат қабылдау басталды

431 рет
көрсетілді

Елордада тұрғын үй орталығы халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына мына санаттар жатады:

- ҰОС ардагерлері

- жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер

- басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері

- 1 және 2 топтағы мүгедектер

- мүгедек баласы бар отбасылар

- кейбір созылмалы аурудың ауыр түрімен ауыратын адамдар

- жасына байланысты зейнеткерлер

- жетім балалар

- қандас

- экологиялық зілзала салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар

- қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары

- толық емес отбасылар.

Пәтерлердің жалпы саны - 117.

Оның ішінде жетім балаларға - 35:

- 9 бір бөлмелі пәтер

- 19 екі бөлмелі пәтер

- 7 үш бөлмелі пәтер.

Халықтың қалған әлеуметтік осал топтары үшін:

- 20 бір бөлмелі пәтер

- 46 екі бөлмелі пәтер

- 16 үш бөлмелі пәтер.

Сонымен бірге көпбалалы отбасыларға 124 пәтер қаралған, оның ішінде:

- 18 төрт бөлмелі пәтерлер;

- 106 үш бөлмелі пәтерлер;

Баспана түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй.

Үйдің мекенжайы: ЖК «Ақерке»; Е-509 көшесі, 7 үй; Тілендиев даңғылы, 44а үй; Шақаұлы көшесі, 7 үй.

Ай сайынғы жалдау ақысы: 7 000 - 22 000 теңгеге дейін.

Құжат қабылдау 18 маусым сағат 9:00-де басталып, 24 маусым сағат 23:59-да аяқталады.

Құжаттар тек электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы қабылданады. Өтінім берген адам халықтың әлеуметтік осал тобы немесе жетім бала санаты бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұруы тиіс. «Іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі және отбасының құрамы ескеріледі.

Өтінімді 2006-2022 жылдары кезекке тұрғандар бере алады, алайда олардың арасында 2009-2010 жылдарда кезекке тұрғандардың мүмкіндігі көбірек», деді басқармадан.