Израильдің көлік министрі Мерав Михаэли Египеттің Синай шекарасындағы Таба шекара бекеті 3 шілдеден бастап 24 сағат бойы ашық болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz KAN телеарнасына сілтеме жасап.
Мерав Михаэлидің айтуынша, Мысырдың Синай шекарасындағы Таба шекара бекеті 3 шілдеден бастап 24 сағат бойы ашық болады. Бұған дейін израильдіктер Синайға ұшу кезінде қиындықтарға тап болатын. Көлік министрлігі мен Әуежайлар басқармасы осы мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатыр.