Алматы қаласында Абай даңғылының оңтүстік және солтүстік бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала әкімдігінің хабарламасына қарағанда, 16-20 маусым аралығында таңғы сағат 8:00-ден кешкі 19:00-ге дейін Абай даңғылының оңтүстік және солтүстік бөліктері Өтеген батыр көшесінен Тілендиев көшесіне дейін асфальттың жоғарғы қабатын алу үшін жартылай жабылады.
Жаңа жабынды төсеу үшін аталған учаскенің оңтүстік бөлігі 20-21 маусымға қараған түні, ал солтүстік бөлігі 21-22 маусымға қараған түні 23:00-ден 6:00-ге дейін толығымен жабылады.