• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2022

Бүгін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді

597 рет
көрсетілді

Бүгін Ұлытауда Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына құрамы жағынан ауқымды Ұлттық құрылтай институты құрылатыны ең алғаш ресми түрде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 наурыздағы халыққа Жолдауында айтылған болатын.

Кейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында бұл институт жалпыұлттық диалогтің әмбебап моделіне айналатынын айтып, құрамына кімдер кіретінін атаған еді.

Ұлттық құрылтайдың қазіргі құрамында Мәжіліс депутаттары мен ҚХА мүшелерінен, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінен, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерінен, кәсіпкерлерден жасақталған 117 адам бар.