• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Сәуір, 2014

Ауыл шаруашылығын дамыту ауанындағы әңгіме

374 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында кооперация мәселелерін заңнамалық тұрғыдан жетілдіру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Шараға Сенат депутаттары, ауыл шаруашылығы, қоршаған орта және су ресурстары, әділет, өңірлік даму министрліктерінің, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері, белгілі ға­лымдар мен фермерлер қатысты. Құттықтау көз сөйлеген Пар­ламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында ауыл шаруа­шы­лығын ауқымды жаңғырту жөнін­дегі алға қойған міндеттеріне назар аударды. Қ.Ищанов аграрлық кешен алдында әлемдік азық-түлік нарығында жаһандық тұрғыдағы орынға ие болу, қожалықтар мен ауыл шаруашылығында өңдеуші шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ, 2050 жылы елі­міз­дің Ішкі жалпы өнімінде ауыл ша­руа­шылығының үлесін 5 есе ұл­ғайту мақсаты тұрғанын атап өтті. «Жалпы алғанда, агро­өнер­кәсіп кешенін қазіргі әлемдік жа­һан­дану жағдайында дамыту мәселелері заңнамалық, эконо­микалық және қаржыландыру тетіктерінің жан-жақты, үйлесімді қолданылуын талап етеді, бұл ретте мемлекеттік органдар мен әр-түрлі қоғамдық ұйымдардың өзара бірлескен іс-қимылы қажет­тілігін атап айтқым келеді», деді Төраға орынбасары. Аграрлық мәселелер, таби­ғат­ты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Сергей Кулагин «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» бірыңғай заң әзірлеу қажеттігіне назар аударды. Талқылау барысында дөң­гелек үстелге қатысушылар Қазақ­стан Республикасында коопера­ция мәселелерін заңнамалық тұр­ғыда жетілдіру ұсақ ауыл шаруа­шылығы өнімдерін өндірушілер мен фермердің мүдделеріне орай уақытында көтеріліп отырғанын және қажет екендігін атап өтті. Сенаторлар осы саладағы заң шы­ғару жөніндегі өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел отырысы барысында айтылған ұсыныстар Үкіметке жолданатын болды.