Қазақстандық ауыратлет Надежда Ли Мексикада жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
64 келіге дейінгілер арасында сынға түскен 15 жастағы отандасымыз қос сайыс қорытындысы бойынша 190 (85+105) келіні бағындырды.
Колумбиялық Ингрид Ванеса Сегуро Груесо (94+117) жеңіс тұғырының биік сатысына көтерілді. Ал Венесуэладан келген Кейли Каролина Сильва Фернандез (84+103) болса қола жүлдені қанағат тұтты.
Аяна Тоғанбек