• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Маусым, 2022

Алматыда автобус пен автокран соқтығысып, 5 адам зардап шекті

244 рет
көрсетілді

«Kamatsu LW 250-5» маркалы автокран «Golden Dragon» маркалы маршруттық автобуспен соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мендіқұлов көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында сағат 17:00 шамасында жол апаты орын алды.

«Жол апатынан бес жолаушы зардап шекті. Олар медициналық мекемелерге жеткізілді. Аталған оқиғаны тергеуді Медеу аудандық ПБ қызметкерлері қолға алды», деді Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.