• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Пікір 17 Маусым, 2022

Мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керек

290 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ұлттық құрылтай мүшелерінің алдында мен де өзімнің ұсынысымды айттым.

Біріншіден, жаңадан құрылған үш облыс үш түрлі бағытта дамыса дедім. Мә­се­лен, облыстың бірі денсаулық сала­сын мықтап қолға алса, екіншісінде, білім са­­ла­сы қарыштаса, ал үшіншісінде, бизнес қа­нат жайса, игі болар еді. Әр өңір­дің мүм­­кін­дігіне қарай осы жағдайларды тиім­ді пайдалануға болатынын айтқым келеді.

Бұдан бөлек осы облыстардағы аудан орталықтары мен кейбір ауылдарды үлгілік нұсқа ретінде салықтардан боса- ­тып, еркін экономикалық аймақ ашсақ.

Сол үлгіге алынған моноқалалар мен ауылдарда шағын және орта бизнесті дамытып, Еуропадағыдай көркейген елді мекендерді ашуға болады. Батыстың тәжірибесіне сүйене отырып, жерінің асты бай, даласы кең Қазақстанда мұндай мүм­кін­діктерді тиімді пайдалануға болаты­нын айтқым келеді. Құрылтай – мүмкін­діктер мен ұсыныс алаңы! Сөзіміз іс жүзінде көрініс тапсын.

 

Сырымбек ТАУ,

кәсіпкер, Daco-Motors ЖШС директоры