• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 17 Маусым, 2022

Павлодар балабақшаларында бейнекамералар міндетті болады

176 рет
көрсетілді

Бұл жайлы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Павлодар облысының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, барлық балабақшаларда бейнебақылау камераларын орнату міндетті болады. Сондай-ақ барлық мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық және өрт ережелеріне сәйкес болуы керегін айтты.

– Мемлекеттік балабақшаларда түскі асқа дейін тәрбиеші, түскі астан кейін басқа бала күтуші бар. Сондай-ақ білім беру, біліктілікті арттыру бойынша талаптар сақталады. Біз мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын қамтамасыз ету үшін барлық мектепке дейінгі ұйымдарға да осындай талаптар қойылуы тиіс деп есептейміз, -  деді Асхат Аймағамбетов.