Пәкістанның Белуджистан провинциясында жұмысшылар тұратын елді мекенге жасалған шабуыл салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Dawn газетінің хабарлауынша, белгісіз біреулер Харнай аймағындағы жұмысшылар лагеріне шабуыл жасап, бей-берекет оқ жаудырған.
Билік жұмысшылардың мемлекеттік нысанның құрылысында жұмыс істегенін айтады.
Әзірге ешбір ұйым жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.