18 маусымдағы көрсеткіш бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 518 946 адам, екінші компонентін 9 298 126 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, қазіргі уақытта Pfizer вакцинасының бірінші дозасымен 1 213 494 адам қамтылған, екінші дозасын 1 111 799 адам салдырған.
«Оның ішінде бірінші компонентін жасөспірімдердің – 864 573-і, жүкті әйелдердің – 41 003-і, бала емізетін аналардың 144 534-і қабылдады. Екінші компанентімен 827 418 жасөспірім,37 306 жүкті әйел, 134 993 бала емізетін әйел қамтылған», деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.