Синоптиктер 12 облыс аумағында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 маусымда Қостанай облысының батысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстіктік-шығысқа ауысады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, бұршақ және дауыл болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік бөлігінде, орталық бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Орал қаласында күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.
20 маусымда Ақмола облысының басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
Көкшетау қаласынжа әлсін-әлсін найзағай жарқылдайды.
20 маусым күндіз Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жел соғады екпіні 15-20 м/с.
Атырауда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.
Ертең күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с болады.
20-22 маусымда Іле, Жетісу Алатауы бойында жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай ойнайды. 21-22 маусым кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл соғады.
20 маусымда таңертең және күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында, Қызылорда төтенше өрт қаупі сақталады.
20 маусымда Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Кей уақытта найзағай ойнап, дауыл соғуы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Шымкент және Түркістан қалаларында да дәл осындай ауа-райы болады.
Ертең Алматы облысының батысында шаңды дауыл болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз батыста, шығыста және облыстың таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с жетеді. Күндіз 35 градус ыстық болады.