АСТАНА. 24 сәуір. Астанада 5 жасар қыз 12 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатының терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Қазақстан жаңалықтары» хабарлады.
Оқиға Астананың Сарыарқа ауданында, сағат күндізгі екі жарымда орын алған.
Абайсызда тосын жағдайға душар болған А.Атығаева ғайыптан тайып, аман қалды. Дегенмен, түрлі жарақат алған сәби жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «Қазақстан жаңалықтары».
Фото: Ekaraganda.kz.