• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 20 Маусым, 2022

Қазақстан Парламентінің депутаттары 2021 жылғы бюджет есебін қабылдады

298 рет
көрсетілді

Депутаттар Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Үкіметтің 2021 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебін қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы мәселе бойынша негізгі баяндаманы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жасады.

2021 жылы ЖІӨ өсімі 4%-ды құрады. Экономиканың барлық базалық салаларында оң нәтижеге қол жеткізілді. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,8%-ға, құрылыс саласы – 7,6%-ға, көлік - 3,6%-ға, сауда-9,2%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,5%-ға ұлғайды. Инфляция деңгейі 8,4%-ды құрады (нысаналы дәліз 4-6%-дан асты). Жұмыссыздық 4,9% деңгейінде сақталды.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, республикалық бюджеттің негізгі параметрлері орындалды. Түсімдер 100,8% орындаумен 12,7 трлн теңгені құрады. Шығыстар 99,2%-ға игерілді және 15,2 трлн теңгені құрады. Бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге қатысты 3,1%-ды құрады.

«Жалпы, мемлекет өзінің әлеуметтік және басқа да міндеттемелерін толық көлемде орындады», деді Ерұлан Жамаубаев.