• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Маусым, 2022

Өзбекстанда Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өтеді

395 рет
көрсетілді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Конституцияға түзетулер енгізуді референдум арқылы жүзеге асыруды ұсынды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Комиссияның ұсынысы бойынша Парламент әзірлеген жобаны бүкілхалықтық талқылауда қарауды және оны референдум арқылы қабылдауды ұсынамын», деді президент.

Жалпы, Мирзиёевтің айтуынша, қазіргі заңнама бойынша Парламент негізгі заңға түзетулер енгізуге құқылы. 

2022 жылға жоспарланған Конституцияны реформалаудың арқасында қазіргі президент қайтадан сайлауға түсе алады. Бұны Сенаттың вице-спикері Садық Сафаев айтқан болатын. 

2016 жылдан бері Мирзиёев екі мәрте президент болып сайланды. Өзбекстанның қазіргі Конституциясы бойынша, бір адамға қатарынан екі мәрте президент болуға тыйым салынған. Конституцияны реформалауды арнайы комиссия қоғамдық талқылаудың көмегімен өткізеді.

Соңғы жаңалықтар