• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Экология 21 Маусым, 2022

Маңғыстау облысында 160-қа жуық суқұзғынның өлексесі табылды

151 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы Форт-Шевченко ауданында 160-қа жуық суқұзғынның өлексесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысы аймақтық ауыл шаруашылығы мен жануарлар әлемі инспекциясы аңшылық шаруашылық бөлімінің басшысы Тұрғанбай Шапағатовтың айтуынша, 160-қа жуық өлі суқұзғын Баутино мен Аташ ауылдары маңындағы жағалаудан табылған.

«Құстар Қызыл кітапқа енбеген. Адамдардың бұған қатысы жоқ, олардың қырылуы экологиямен байланысты болуы мүмкін. Экология мамандары су, ауа сынамасын және құстардың етінен материалдар алды. Нәтижесі келсе міндетті түрде хабарлаймыз. Біз олардың жаппай қырылуын 2-3 күн бұрын болған қатты дауылмен байланыстырып отырмыз», деді Т. Шапағатов.