• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Маусым, 2022

Қазақстанда алкоголь өніміне акциздерден түсім ұлғайды

340 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері ел аумағында өндірілетін алкоголь өнімдеріне салынатын акциздерден түсімдер 38,7 млрд теңгені құрап, 1,8 есеге өсім берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті өткен жылдың сәйкес кезеңінде 21,9 млрд теңге түскенін атап өтті. Ведомство салықтық тексерулер, құқық қорғау органдарымен бірлескен жедел іс-шаралар жүргізу арқылы алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

«Мәселен, жыл басынан бері рұқсат құжаттары жоқ 829,2 мың литр заңсыз алкоголь өнімі және есепке алу-бақылау маркалары айналымнан алынды. Акциздік бекеттерді күнделікті, жедел бақылау, өндіріс желілеріндегі бақылау-есепке алу аспаптары және жазып берілген электрондық шот-фактуралар арқылы алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын қашықтықтан бақылау басымдыққа ие. Осы жылдың 1 сәуірінен бастап жұмыстан тыс (түнгі) уақытта заңсыз айналым өндірісін болдырмау үшін алкоголь өнімін өндіру желілерінде электр энергиясын есептеуіштер орнатылды. Сонымен қатар акциздің өсуі алкоголь өнімінің өндірісі мен импорты көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ сыраға арналған акциз мөлшерлемесінің 1 литрге 57 теңгеден 79 теңгеге дейін және табиғи емес шараптарға 35 теңгеден 100% спирттің литріне 2 550 теңгеге дейін артуымен байланысты», деп жазды комитеттен.

Қаңтар айынан бастап «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңмен коньяк пен брендиге ең төменгі бөлшек сауда бағаларын реттеу енгізілген, ол 1 литрге 2 930 теңгені құрайды, тиісінше «псевдо-коньяк» өндірісі азайды және күшті ликер-арақ өнімдері ретінде акциз төлеу 100% спирт теңге/литр 250 теңгеден 2 550 теңгеге дейін құрады.