Алматы қалалық соты «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Принбековты қамауда ұстау мерзімін 15 шілдеге дейін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алматы тергеу сотының 2022 жылғы 14 маусымдағы қаулысымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау мерзімін үш айға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылды», делінген Алматы сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Құжатта сондай-ақ қаулы заңды күшіне енбегені айтылған.
18 сәуірде Марат Принбековтың тұтқындалғаны белгілі болды, ол екі ай мерзімге қамауға алынды.