• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Маусым, 2022

Шегірткемен қарсы күреске 2,5 млрд теңге бөлінеді

356 рет
көрсетілді

Биыл зиянкес шегірткемен күресу мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттерден 2,5 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Республика аумағында ерекше қауіпті организмнің 12 түрі, зиянды организмнің 5 түрі, карантиндік обьектілердің 14 түрі таралған. Бүгінде шегірткелермен күресуге ерекше көңіл бөлінеді. Биыл үйірлі шегіртке 997 мың гектар аймаққа таралған. Оның ішінде италиялық прус – 760 мың, азиялық шегіртке 201 мың және марокко шегірткесі - 35 мың гектарға таралған. Сонымен қатар саяқ шегіртке зиянкестері 271 мың гектар алаңда байқалған. Жалпы шегірткелерге қарсы республика бюджетінен 1,9 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 659 млн теңге бөлінді», деді ол.

Оның айтуынша, аталған қаражат пестицидтер мен химиялық өңдеу қызметтерін қажетті мөлшерде сатып алуға мүмкіндік берген.

«Үйірлі шегірткелерге қарсы өңдеу жұмыстарын тиімді жүргізу үшін әртүрлі топтағы пестицидтер сатып алынды. Облыс әкімдіктерімен бірлесіп, аймақ әкімдерінің орынбасаралары басқаратын жедел штабтар құрылды», деді инспекция басшысы.