• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Экономика 22 Маусым, 2022

Алкоголь акциздерінен түсімдер екі есеге ұлғайды

111 рет
көрсетілді

2022 жылдың 5 айында Қазақстан Респуб­ликасы­­ның аумағында өндірілетін алкоголь өнімдеріне салына­­тын акциздерден түсімдер 38,7 млрд теңгені құрап, 1,8 есеге өсім беріп отыр. Өткен жылдың сәйкес кезеңін­де 21,9 млрд теңге түскен болатын. Осындай өсім­ге әсер еткен факторлар туралы Қаржы министрлігі­нің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық тексерулер, құқық қорғау органдарымен бірлескен жедел іс-шаралар жүргізу арқылы алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізуде. Мәселен, жыл басынан бері айналымнан рұқсат құжаттары жоқ 829,2 мың литр заңсыз алкоголь өнімі және есепке алу-бақылау маркалары айналымнан алынды. Акциздік бекеттерді күнделікті, жедел бақылау, өндіріс желілеріндегі бақылау есепке алу аспаптары және жазып берілген электронды шот-фактуралар арқылы алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын қашықтан бақылау басымдыққа ие.

Биыл 1 сәуірден бастап жұмыстан тыс (түнгі) уақытта заңсыз айналым өндірісін болдырмау үшін алкоголь өнімін өндіру желілерінде электр энергиясын есептеуіштер орнатылды. Сонымен қатар акциздің өсуі алкоголь өнімінің өндірісі мен импорты көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ сыраға арналған акциз мөлшерлемесінің 1 литрге 57 теңгеден 79 теңгеге дейін және табиғи емес шараптарға 35 теңгеден 100% спирттің литріне 2 550 теңгеге дейін артуы­мен байланысты.

Биыл қаңтар айынан бастап «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңмен коньяк пен брендиге ең төменгі бөлшек сауда бағаларын реттеу енгізілді. Бұл 1 литрге 2 930 теңгені құрайды, тиісінше «псевдо-коньяк» өндірісі азайды және күшті ликер-арақ өнімдері ретінде акциз төлеу 100% спирт теңге/литр 250 теңгеден 2 550 теңгеге дейін құрады.