Жыл сайын Алматыдағы физика-математика бағытындағы мектеп түлектерінің Шырмауық лигасына түсу дәстүрін Дана Ерали мен Алима Тұяқаева жалғастырды.
Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында оңтүстік астанадағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 140 түлегіне салтанатты түрде аттестаттар табысталды. Бұл білім ордасы ел және әлемдегі ең табысты мектептердің бірі ретінде танымал, оқушылар мен түлектердің бірегей жетістіктері Қазақстанды жаһандық білім беру кеңістігіне белсенді түрде интеграциялап келеді.
2021-2022 оқу жылында NIS жоғары академиялық стандарттарды тағы да растады. Кембридждің Халықаралық емтихан кеңесіне тапсырылатын сыртқы жиынтық бағалаудың қорытындылары бойынша білім сапасы 99,3 балды құрады; әрбір екінші оқушы A* және A бағаларын алды, IELTS халықаралық сертификатының орташа балы 7,1 балды құрады.
Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS үшінші жыл қатарынан жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша «Елдің үздік олимпиадалық командасы» болып танылды.
2022 жылғы түлектер арасында Таир Сатубалдин, Тамирлан Бектемісов, Нұрасыл Әбдіразақ және басқа да халықаралық және республикалық олимпиадалардың, соның ішінде IMO халықаралық математика олимпиадасы, Жәутіков олимпиадасы, Жібек жолы халықаралық олимпиадасы сияқты беделді білім бәйгесінің жеңімпаздары бар.
Мектеп директоры Ермек Пайзов жақында ғана өздерінің академиялық жетістіктерін тағы бір мәрте растаған оқушыларға аттестаттарды бірінші болып табыс етті. «Алтын белгіге» үміткер 9 зияткер және үздік аттестатқа үміткер 29 оқушы өз білімдерін дәлелдеді.
Аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өткенінің символдық мәні бар. Бүгінде түлектердің үштен бір бөлігінен астамы өздерін студент деп сенімді түрде айта алады. Олардың барлығы отандық және шетелдік беделді университеттердің гранттарына ие болды. Осы мектеп түлектерінің Шырмауық лигасына түсу дәстүрін Дана Ерали мен Алима Тұяқаева жалғастырды.
Дана президенттер мен Нобель сыйлығы лауреаттарының альма-матері ретінде белгілі Йель университетінің толық қаржыландыру гранты иегері атанды. Ол Ethics, Politics, and Economics саласында білім алуды жоспарлап отыр. Алима Тұяқаева АҚШ-тағы бизнес мектептері арасында көшбасшы болып табылатын Пенсильвания университетінен ресми шақырту алды.
– Бірнеше жыл бойы университетімнің оқуға түскен студенттерге жіберген хаттарын оқып келемін. Тіпті жатқа білем. Бірақ бүгінгі хаттың мазмұны мүлде басқа. «It’s time to celebrate» («Тойлайтын уақыты келді») деген жазуды көріп, жылап жібердім.
«Алтын белгі» иегері атанған Еликай Атабаева салтанатты жиында мектеп түлектерінің атынан сүйікті білім ордасына алғысын жеткізді:
– Мектеп бізге үлкен мүмкіндіктер беріп, тағдырдың кез келген соққысына төтеп беруді үйретті, – деді ол.